Бензин қымбаттауы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708203622230_small.jpg

Осы аптада жанар-жағар май акциздерінің мөлшерлемесі артқан еді. Мұның бензин бағасына әсері туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтып берді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Министрдің ойынша, жанар-жағар май акциздерімөлшерлемесінің артуы мен бөлшек саудадағы бағаның байланысы бар. ол мемлекет АИ-92,93 бензиндерінің бағасын реттеуге араласпайтынына назар аудартты.

«Біз нарықтық жағдайда өмір сүрудеміз. АИ-92 бензинінің бағасы реттелетін жеріне дейін реттелді. Мәселе бөлшек сауда мен көтерме сауда қатысушыларының қарым-қатынасында. Бөлшек саудаға бұл қалай әсер ететінін табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет бақылайтын болады» дейді Е. Досаев мырза.

Оның айтуынша, акциз мөлшерлемелерінің қымбаттауы көтерме саудадағы бағаның қымбаттауынан түскен пайданы тәркілеуге бағытталған. «Акциздердің қымбаттауы жергілікті бюджеттерге қосымша кіріс болып табылады. Ал, бензин бағасын біз қадағалайтын боламыз. Жанар-жағар май жеткізуші зауыттармен келісілген баға – қазіргі біз көріп отырған баға. Қазіргі таңда валюта бағамының өзгеруіне байланысты бензин бағасы қазір бір қалыпта» деп екі ұштылау пікір білдірген Ұлттық экономика министрі.

 

Қатысты Мақалалар