Қазақстанда генерал погоны қанша тұрады?

/uploads/thumbnail/20170708203749216_small.jpg

Қазақстан Республикасы ІІМ-і мемлекеттік сатып алулар порталына генерал атрибуттарын сатып алу туралы хабарландыру орналастырған. Бұл туралы «Қамшы» порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Порталға 13 қарашада екі миллионнан астам теңгеге генерал атрибуттарын сатып алу туралы барлығы  13 лот орналастырылған. 10 лот бойынша баға ұсыныстарын қабылдау аяқталып та қойыпты.

Хабарландырудың бірінде екі дана «Генерал жұлдызы» белгісі сатып алынатыны айтылған. Әр жұлдыз 304 130 теңгеге бағаланған.

 

Қатысты Мақалалар