Президент отандық тауарлардың сауда орындарына қаншалықты қойылып отырғандығын тексермек

/uploads/thumbnail/20170708203907920_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев базарларға барып, сөрелерде қазақстандық тауарлардың қаншалықты қойылып отырғандығын тексермек. Бұл туралы бүгін Елбасы Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті,- деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сільеме жасап.

«Бізде өндіріліп отырған тауарларға бағаны өсіруге қандай негіз бар?! Бізде бірнеше импорттық позициялар ғана қалды, көп емес.  Қант жетпейтін, алайда биыл Алматы, Жамбыл облыстары қаншама қант қызылшасын өндірді. Қант өндірісі 25 пайызға артып, оны сырттан тасымалдау төмендеді», - деп тоқталды Елбасы.

Осы орайда Н. Назарбаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке қаратып айтқанда еліміздегі өңдеу саласын дамытуға жеке жауап беретіндігін қадап айтты. «Мен өзім базарларға барып, біздің тауарлардың қалай өзгергенін қарайтын боламын. Бірінші қажеттіліктегі тауарларды бақылап отырыңдар. Олардың бағасы артпауы керек», - деді Елбасы.

Президент әлеуметтік маңызы бар көптеген тауар түрлері бойынша бағаның өсуі байқалып отырғанын атап өтті. «Осыған байланысты Үкімет пен әкімдер бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағалары бойынша мониторинг жұмыстарын жандандыруы керек, әсіресе азық-түлік тауарларына қатысты. Қажет болған жағдайда халықтың аз қорғалған топтарына атаулы әлеуметтік көмек арқылы қолдауды қамтамасыз ету керек», - деді Президент.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар