Байқоңыр балаларының болашағы зор

/uploads/thumbnail/20170708204006515_small.jpg

Байқоңыр қаласындағы алты қазақ мектебі Қазақстан білім стандартына толық көшті. Осыған дейін Ресей бағдарламасы бойынша білім алған қазақ мектептері өзгерістерді басынан кешіруде.
Соған орай мектептерде «Кеңес беру» орталығы, «Озат» шығармашылық бірлестігі мен «Озат» тәжірибе бірлестіктері өз жұмысын бастап кетті. Кәсіби «Кеңес беру» орталығы біздің мектепте биылғы оқу жылынан бастап құрылды. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Өз еліне адал, халқын қастерлейтін, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық қалыптастырған қоғамда өз орнын таба білетіндей кәсіби бағыт-бағдар беру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Кеңес беру» орталығының арнайы жоспары да бар. Белгілі бір тақы­рыптарда баяндамалар оқылады, талқыланды, әңгіме-сұхбаттар өт­кізі­леді. Оқушыларды ойланды­рып жүрген мәселе болса, ойласып-пі­кір­лесуге орталық мүшелері әрқа­шан дайын. Әр оқушы өз ойын ашық айта алады. 
Қыркүйек айында орталық мү­ше­лері арасында ұйымдастыру ке­зеңдерінде жоспар құру, оны талқы­лау, бекіту, пікірлесу жұмыстары өтті. Ал жақында мектепте «Бүгінгі шәкірт – ертеңгі Отан қорғаушы» та­қырыбында бейінді оқыту жөнін­дегі орынбасары, «Кеңес беру» ор­талығы төрайымының орынбасары Гүлнар Қожағұлованың ұйым­дасты­руымен 9-10-11-сыныптармен бірін­ші отырысын өткізді. 
«Күшті ұлт болу үшін алдымен іш­кі бірлік, ұйымшылдық пен тату­лық қажет» деп Елбасымыз Н.На­зар­­баев айтқандай, әрбір азамат ұлт­ты алға жетелейтін білімді, пат­риот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мә­­дениетін, тілін, дінін, құрметтей­тін нағыз тұлға болу керек. Әскери қызмет қызығы мен қиындығы қа­тар жүретін мамандық деуге толық болады.Отан қорғаушы қай заманда болмасын мәртебелі мамандық саналған. Осындай әскери маман­дықты ту еткен мектебіміздің алғаш­қы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республика­сының құрлықтағы танк әскерінің взвод командирі, запастағы офицер Жайық Құпияев «Әскери қызмет – қастерлі міндет, қадірлі мамандық» деген тақырыпта баяндамасын оқып, әскери қызметте жүрген өз шәкірттерін мақтанышпен үлгі етіп, оқушылар мен көрермендерге бейне суреттерін көрсетті.
Шекара қызметкері Рүстем Құттыбаевқа балалар сұрақтарын қойып, көкейінде жүрген сауал­дарымен бөлісті.Сондай-ақ Бақыт­күл Қонысова өз өмірі және төтенше жағдайлардан қорғану қызметінің барысы жөнінде оқушылармен сыр бөлісті. Осы мамандықты таңдап жүрген 11 «А» сынып оқушылары Меруерт Сәрсенбаева мен Ақбота Қималова өз ойларында жүрген пікірлерін айтты. 
«Кеңес беру» орталығы төрайы­мының орынбасары Гүлнар Қо­жа­ғұло­ваның ұйымдастыруымен өткен үлкен іс-шаралардан нәтиже шы­ға­тынына, әрі қарай жұмыстың жан­дана беретініне сеніміміз мол. 

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар