Осы жылғы республикалық бюджет шығыстары 66,5 млрд. теңгеге қысқарады

/uploads/thumbnail/20170708204109359_small.jpg

2015 жылғы республикалық бюджет шығыстары 66,5 млрд теңгеге қысқаратын болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамы негізінде 2015 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды. Бұл ретте республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2015 жылы 3 174,2 млрд. теңге мөлшерінде бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 45,8 млрд. теңгеге төмен. Кірістердің негізгі азаюы корпоративтік табыс салығы бойынша 183,5 млрд. теңгеге және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше  елдерден түсетін әрі бөлінетін кедендік баждар бойынша 50,3 млрд. теңгеге күтілуде», - дейді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша,  АҚШ долларының орташа жылдық есептік бағамының ұлғаюына байланысты, мұнайға экспорттық кедендік баждар түсімдерінің 70,7 млрд. теңгеге және әскери полигондар мен «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының 5,8 млрд. теңгеге ұлғаюы болжанады.

«Республикалық бюджет тапшылығы 1 257,7 млрд. теңге мөлшерінде (2014 жылғы бюджет қаражатының 1,2 млрд. теңге сомасындағы тартылған қалдықтарын ескере отырып) немесе ЖІӨ-ге қатысты 3,0 % деңгейінде сақталды. 2015 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары бекітілген мөлшерге қатысты 66,5 млрд. теңгеге азайтыла отырып, 7 179,2 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр», - деді министр. 

Қатысты Мақалалар