Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы өз зейнетақы жинақтарының бірнеше есеге кеміп қалғанын анықтаған. Бұл туралы ол Фейсбук әлеуметтік желісінде жариялады.
Яна Дескова есімді Алматы тұрғыны зейнетақы қорынан алған анықтамада есеп-шот нөмірлері ауысып кетіп, өзіне фамиялалас басқа адамның зейнетақы жинақтаушы шотының мәліметтері жазылғанын жариялады. Соның салдарынан салымшының жинаған жарналары бірнеше миллионға кеміген.
