Ресей әншісі Алла Пугачева Владимир Путинді өз дәуірінің Президенті деп санамайды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Новая газетаға» сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, әнші газетке қазір сахнаға шығуға қатты құмарлығының жоқтығын, анда-санда көңіліне ұнаған әндерді жаздырып, шырқайтынын айтқан.
-Жақында «Соғыс» әнін жаздыртып, орындадым. Оны кейін Дмтрий Ярош бөлісіп жүргенін көрдім, - дейді әнші.
Пугачева ссонымен қатар, сахнаға көп шықпауының бір себебі Ресей Президенті В.Путин екенін де айтқан.
«Путинді өз дәуіріңнің қайраткері санайсың ба?» деген сауалға:
-Жоқ, қазір менің дәуірім емес. Мен сахнадан ол туралы бұлай айтылмауы үшін кеткен болуым да мүмкін, - деген.
Бұған дейін Сочиде өткен «Новая волна» байқауына қонақ ретінде қатысқан А. Пугачева 1984 жылы жазылған «Святая ложь» әнін орындап жұртты таң қалдырған болатын.
Пікір қалдыру