«Универсиада-2017 дайындығына қазақстандық компаниялар да қатыспақ

/uploads/thumbnail/20170708204417581_small.JPG

Универсиаданың 17 миллиардтық операциялық бюджетінің 50 пайызын отандық өнім өндірушілердің тауарлары, жұмысы мен қызметі құрайды.  Бұл туралы Алматыда Универсиадаға дайындық аясында өткізілген Отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастық форумында Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар дирекциясының директоры Әсет Әбдуалиев мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

«Жуырда үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарды «Қазақстанда жасалған» атты акцияны жүзеге асыруда отандық өнімдерге қолдау білдіруге шақырған болатын.Түсіндіре кеткім келеді, Универсиада бюджетінің маңызды бір бөлігіIT-қамту мен халықаралық трансляцияларға жұмсалады. Бұл қызмет түрлерін ірі шетелдік компаниялар ұсынады-деді, Әсет Әбдуалиев.

Айта кету керек, қазақстандық қатысудың үлесі Универсиадада 53 пайызды құрайды. Ал шетелдік компаниялардікі- 47 пайыз. Бұдан бұрынырақ, Универсиада-2017 бюджеті 32 млрд теңгеден 17 млрд теңгеге қысқарғаны хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Алматыда қысқы Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім шығарушылармен ынтымақтастық форумы өткен болатын. Қорытындысында қазақстандық өнім шығарушылармен 20 млрд теңгеге меморандум бектіліген болатын. 

Қатысты Мақалалар