Ауа райының келеңсіздігі қостанайлықтарды әбігерге салды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.
Жолдағы көктайғақтан қалада көлік тоқтап, балалар мектепке бара алмады, ал ересектер жұмысына кешігіп жатыр.
Ауа райының аяқ асты жылынуынан қала көшелерін мұз басты. Автобустар шыққан жоқ, қалада такси тым аз. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жол қызметкерлері мен техника таңғы сағат 4-тен бастап жолға құм және тұз сеуіп жатыр. Дегенмен бұз аздық ету үстінде. Қоғамдық көліктер сағат 10.00-ден бастап қана жұмыс істейді. Осыны пайдаланған таксишілер қызметтің құнын тым көтеріп жіберді.
"Автобус жүрмейді. Мен автопаркке қоңырау шалдым, автобустардың сағат 11.00-ден бастап жүретінін айтты. Такси жүргізушілері ауданнан орталыққа дейін 3000 теңге сұрап тұр. Баламен жеткенше екі рет құладық", - деді жергілікті тұрғын Наталья Кушнир.
Пікір қалдыру