Алматыдан 152 шақырым қашықтықта 4 балдық жер сілкінісі тіркелді

/uploads/thumbnail/20170708204458347_small.jpg

Бүгін Алматы уақыты бойынша 7:15-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді,- деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 152 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.5, магнитудасы - 4.0. Тереңдігі - 15 км.

Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.

Қатысты Мақалалар