Бензин бағасы өсетін болды

/uploads/thumbnail/20170708204539941_small.jpg

Бензин бағасы 3,9 пайызға өсетін болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдері бағасындағы қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты мұнай өнімдері акциздері мөлшерлемесін өсіру туралы шешім шығарылды. Акциз мөлшерлемелері 1 литр бензинге бар-жоғы 5 теңгені құрайды. Бұл бензиннің жалпы бағасын 3,9 пайызға көтереді» делінген министрлік таратқан хабарламада.

Министрлік сондай-ақ, Қазақстандағы мұнай өнімдерінің акциз мөлшерлемесі 2000 жылы белгіленгенін және өте төмен деңгейде болып келгенін айтады.  Атап айтқанда, бұған дейін бензиннің акциз бағасы тоннасына 4500 теңге, дизель отынына 540 теңге болып келген.

 

 

Қатысты Мақалалар