Ресейлік Су-24 ұшағы Түркия тарапынан ескерту алғанын растайтын жазба жарияланды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708204621520_small.jpg

Түркиялық ақпарат құралдары құлатылған ресейлік Су-24 ұшағына жасалған ескертудің аудиожазбасын жариялады, - деп хабарлайды "The First News" ақпараттық агенттігі Haberler.com сайтына сілтеме жасап.

Аудиожазбада F-16 жойғышының ұшқышы ағылшын тілінде "Сіздер Түркия әуе кеңістігіне жақындап келе жатсыздар. Бағыттарыңызды дереу оңтүстікке өзгертіңіздер" деп ескерту жасағаны жазылған.

Бұған дейін Түркияның Бас штабы ресейлік бомбалаушының жойылғанға дейін түркиялық тараптан 10 рет ескерту алғанын хабарлаған еді. Су-24 ұшағы Түркия шекарасының әуе кеңістігін бұзуға 15 миль (24,1 шақырым) қалғанда алғашқы ескертуді алған. Басылымның мәліметінше, ескерту әр 2 миль (3,2 шақырым) сайын жасалыпты, дегенмен ұшқыштар оны елемеген.

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлікСу-24 екені анықталды. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды.

Қатысты Мақалалар