Кремльшіл ұйымдардың шабуылынан кейін Мәскеудегі Түркия елшілігінің күзеті күшейтілді. Ғимаратқа наразылар тас, жұмыртқа, бояу құйылған құмыралар лақтырған. Бұл туралы "Қамшы" порталы Азаттықа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Елшіліктің бірнеше терезесі сынған. Түркия 24 қарашада Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген болатын. Анкара Ресей ұшағы “елдің әуе кеңістігін бұзды, ескертуді елемеді” деп мәлімдеген.
Бірақ Мәскеу ұшақ Сирия территориясында болғанын айтып, Түркияның әуе кеңістігін бұзғанын жоққа шығарады.