Алматыда ауа райының қолайсыздығынан 18 әуе рейсі кешіктірілді

/uploads/thumbnail/20170708204701505_small.jpg

Алматыда ауа райының қолайсыздығынан 18 авиарейс кешігіп, 6 рейс тоқтатылды,  - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы әуежайының онлайн-таблосында көрсетілгендей, Алматыда Астана мен Орал қаласына ұшатын рейс тоқтатылды. Семей, Астана (2), Атырау қалаларына ұшатын рейстің уақыты кешіктірілді. Одан бөлек Үрімжі, Дубай халықаралық рейстері де бар.

Сондай-ақ, Қостанай, Павлодар, Астана (4), Ақтау, Шымкент, Семей,  қалаларынан келуі керек ұшақ уақытынан кешігіп жатыр. Олардың ішінде Пекин, Ашхабад қаласынан келетін халықаралық рейстер бар.

Сондай-ақ, Астана-Алматы, Орал-Алматы рейстері тоқтатылды.

Айта кету керек, қаланы таңертең қалың тұман басты. Ауа температурасы  -5 градусты көрсетіп тұр.

Қатысты Мақалалар