Ресей ұшқышының қазасына орай Өскеменде митинг өтті

/uploads/thumbnail/20170708204707239_small.jpg

Бүгін Өскеменде 24 қараша күні Түркия әскери әуе күштері атып құлатқан ресейлік бомбалаушы ұшақ экипажының командирі Олег Пешковтің қаза болуына байланысты митинг өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Бұған дейін митинг ұшқыш оқыған №29 орта мектепте өтеді деп жоспарланған еді. Бүгін митингті өткізу орны мектептен қаладағы интернационал-жауынгерлер ескерткіші жанына ауыстырылды.

Митингке Олег Пешковтың сыныптастары жиналды.

Естеріңізге салсақ, Сирия аумағына құлаған Су-24 бомбалаушы ұшағының командирі Олег Пешков Өскемен қаласының тумасы, Суворов әскери училищесіне түскеннен кейін Ресей Қарулы күштерінде қызмет етіп, РФ азаматтығын алған.

Қатысты Мақалалар