Астана көшелерінде құны 400 мың еуро тұратын неміс көлігі мемлекеттік тіркеу нөмірімен көзге түскен, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Auto.kz –ке сілтеме жасап.
ADM сериялы мемлекеттік нөмір (KZ 257 ADM) таққан Mercedes G63 AMG көлігінің суреті Auto.kz сайтында жарияланды.
«Мынадай нөмірлер Президент әкімшілігі немесе Парламентке тиесілі көліктерге беріледі, яғни бюджет қаражатына сатып алынған көлік. Көлемі 5,5 литр турбодизельді бұл көлік қандай қызмет атқарады екен? Мемлекеттік қызметшілер неге құны 200 мың АҚШ долларына дейінгі отандық көліктерге неге мінбейді?» делінген жазбада.