Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні Шымкентте Қазақстан футбол федерациясы «Оңтүстік» футбол академиясының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Оңтүстік» футбол академиясы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен, мемлекеттік және дербес серіктестік негізінде құрылды. Бүгінгі күнге Испанияның «Барселона» футбол мектебінің бес маманы оңтүстік аймақтарды аралап, 10 мен 14 жас аралығындағы 600 ден аса баланы іріктеуден өткізді.
Үздік деп танылған 65 бала жас ерекшеліктеріне қарай 22 адамнан үш топқа бөлініп жаттығуларын бастап кетті. Қаңтар айында 2004 жылы туған тағы 22 бала қатарға қосылады. Ал 2017 жылдан бастап жыл сайын бір топтан қосып отыру жоспарланған.