Өскеменде қоғамдық көліктердің бірінен Ресей президенті Владимир Путинге ұқсайтын азамат көзге түскен. Тұрғындардың бірі фотоға түсіріп алған.
Бұл туралы «Қамшы» порталы yk-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
“Дүйсенбі болатын. Шамамен сағат кешкі 8-де №6-шы автобуста отырдым. Маған қарама-қарсы орындықта отырған ер кісі Владимир Путиннен аумайтындай болып көрінді. Мен оны фотоға түсірмей тұра алмадым. Қанша дегенмен, автобуста Ресей басшысының “көшірмесін” күнде кезіктіре бермейсің ғой”, – деп әңгімеледі өз есімін құпия сақтауға бел буған азамат.