Хайнань демалыс аймағына баратын тікелей әуебағыт ашылады

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Қазақстан мен Қытай екі астананың арасына тікелей әуебағытын ашу туралы келісімге жасасты, деп хабарлады ҚР Көлік және коммунакация министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров атап өткендей, таяу уақытта «Эйр Астана» әуе компаниясы Астана - Бейжің бағытын ашады.

Бұдан өзге, қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу сапарларының жиілігі артып, қазақстандық әуе компаниялары үшін жаңа қалалар қосылатын болады. Атап айтқанда ұшу сапарларының саны аптасына 35-ке жететін болады. Сонымен бірге туристер арасында үлкен сұранысқа ие Хайнань аралындағы демалыс аймағына Алматы - Сания және Астана - Сания бағыты мен Қарағанды-Үрімші бағыты ашылатын болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар