АУЫЗАШАРДЫ «ИФТАР» ДЕМЕСЕК САУАПСЫЗ ҚАЛАМЫЗ БА?

/uploads/thumbnail/20170709030713916_small.jpg

Сан ғасырдан бері мұсылман болған қазақтар діни терминдер мен атауларды қате айтып келген жоқ шығар. Неге соңғы кездері «ауызашар» «ифтар» болып кетті? Бұл сән қуу ма, әлде басқа себебі бар ма? 

Өткен жылы Діни басқарма «Аллаһ» сөзін «Алла» деп, «Халалды» «Адал» деп айтайық деген пәтуә шығарды. Жоқ, оған құлақ аспайды. Осы сияқты «МашаллаҺ», «ИншаллаҺ», «ӘлхамдулиллаҺ» сөздері де жиі қолданыста. Бұл сөздерге еш қарсылық жоқ. Айта берсін. Бірақ, бұлардың да қазақша баламалары бар. Әлде арабша айтса сауабы көп пе? Қазақ ықылымнан түшкірсе «жәрекімалла», қуанса «бәрекелді», бір істі жоспарласа «Алла қаласа», шүкір етсе «Құдайға шүкір» дейтін. Қазір бәрі қазақтықтан қашатындай маған.

Жарас Ниязбектің Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Связанные Статьи