СМС- шабуылға қарамастан банк басшылығы дәрігерлерге жаңа туған нәрестелердің өмірін құтқаруға көмегін жалғастыруда.
Маңғыстау облыстың перинаталдық орталығының балалар реанимациясы бөлімі шала туған және денсаулығында түрлі кінәраты бар нәрестелерге көмек көрсетуге арналған бағалы жабдықтар алды. Дәл осындай жабдықтар Оралдың перинаталдық орталығына да берілді.
Ақтау мен Орал қалаларындағы перинаталдық орталықтарды жабдықтау үшін банк бөлген қаражат көлемі 24 миллон теңгеден астам соманы құрайды. Ауруханаларға қажетті жабдықты «Тыныс ал, балақай» жобасы аясында «Аяла» қоры жеткізді.
- «Тыныс ал, балақай» жобасы жүзеге аса бастаған 5 жылда kaspi bank «Аяла» қорына облыстық және қалалық перзентханалардың реанимация бөлімдерін замануи жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 100 миллион теңге бөлді, - дейді «Аяла» қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов.-Бұл қаражат пен жабдықтардың көмегімен перинаталдық орталықтардың дәрігерлері мыңдаған нәрестелердің өмірін құтқарды.
- «kaspi bank пен жеке өзім бұл жобаны қолдаймыз және бұл біз үшін құрмет деп санаймыз, -дейді банктің директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. –Әрбір сәбидің өмірі бағалы. Мен дәрігерлерге әрбір құтқарылған нәрестенің өмірі үшін алғыс айтқым келеді, ал біз оларға барынша жағдай жасауға тырысамыз.
- Бәріміз үшін маңызды бұл жоба kaspi bank пен Вячеслав Кимнің жеке қолдауымен 5 жылдан бері жүзеге асып келеді, - дейді kaspi bank’тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Ең бастысы, біз дәрігерлермен және отбасылармен бірге өзара әрекетіміздің нәтижесін көрудеміз. Кейбір орталықтарда балалардың өмір сүру көрсеткіші 5 есеге өскен. Біз Қазақстанда мыңдаған отбасылардың көптен күткен сәбилерін, немерелерін көріп, бақытты болғанына қуаныштымыз. Бұл жоба басқа компаниялар үшін үлгі болады және біздің еліміз бен балаларымызға бірге қамқорлық жасаймыз деп сенемін.
Пікір қалдыру