Аягөзде қаржы полициясына қарсы бірлестік құрылды

/uploads/thumbnail/20170708151356041_small.jpg

    Қиянат-адамға жасалған зорлық-зомбылықты, әділетсіздікті, өктемдік пен озбырлықты білдіретін ұғым. Ол жеке адамның мақсат-мүддесін жүзеге асыруға, рухани қажеттерін қанағаттандыруға кедергі жасайды. Қиянат жасаған адамның адамгершілік қасиеттерін жоятын, оның мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі теріс қылық.  Сондай қиянатшыл топтың  бірі жемқорлар, оның ішінде Қаржы полициясы ерекше тасбауыр, кекшіл. «Досқа достық қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол»-деген принцип қаржы полициясы қызметкерлерінің табиғатына жат ұғымға айналды. Жемқорлар:«Коррупция-мәңгілік ұғым. Мемлекет барда, билiк институты барда, коррупция болмай қоймайды. «Коррупция-Африкада да коррупция» дейтіндер бар. Мұндай тұманды, бықсық сана барда жемқорлықтың құтыла алмаймыз.  Сондықтан, Шығыс Қазақстан облысы, қаржы полициясында адам құқын қорлау фактісі осы сенімді өшіруге бағытталуда.  Қаржы полицейлары аягөздіктердің санасына сiңген кiсiлiктi тәкаппарлығын сасық кеуде, пасық менмендiкпен айырбастаған. Бұдан да өкiнiштiсi, осы келеңсiздiктi көре тұра: “Үй артында кiсi бар, аяғың аспаннан салбырап түскен жоқ, байқа шырақ”-дейтiн зиялы қауымның ой салар үнi жоқ. «Ит адамды қапса, кәсібі» дейміз. Ал, адам адамды қапса, ол-иттiк. Бұл адамдық сатыдан құлдыраудың көрсеткiшi емес, иттiктiң белгiсi.

Осындай  қаржы полициясының жемқор әрекетімен күресу  мақсатында жақында  ШҚОАягөзде ауданында  «Әділеттікке араша» атты қоғамдық бірлестік құрылды. Бұл қоғамдық бірлестіктің негізгі діттегені аудан халқының бойына аз да болса, азаматтық мінез қалыптастыруға қадам жасау. Сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа бітіспес күрес жүргізумен қоса адам құқын қорғауға ат салысу.

Серік САМАТҰЛЫ

ШҚО, Аягөз ауданынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар