Босқын араб қалай қазақ болады?

/uploads/thumbnail/20170708215945404_small.jpg

Давутоғлы: Түркияда менімен қосқанда 78 млн 600 мың қазақ бар.

Назарбаев: Сендер көбейіп жатырсыңдар ғой. Сириядан келген босқындар бар. 
Давутоғлы: Оларды да қазақ санауға болады. Олардың арасында түркмендер бар. Өзалдың заманынан бүгінге дейін Түркияда қазақ саны 9 млн-ға артты.

P.S. Давутоғлы мен Елбасының арасында болған кездесу осылай басталған. Біз "Давутоғлы былай деді" деп біраз шулаттық. Қазекеме ол ұнайды. Өзгенің "қазақпын" дегені, "қазақша сөйлегені" ұнайды. Оны әлем біледі. Себебі қазекемнің өзі қазақша аз сөйлейді. Ал ана Сириядан келіп жатқан арабтар қалай қазақ болады? Давутоғлының ол жері тым артық. Бәлкім, олар да "қазақтар" деп, сендер де оларды қабылдандар деп тұр ма екен осы? Қалай ойлайсыңдар? Сосын Давутоғлы қазақ екен, қазақша сөйлеп дәлелдеп кетпеді ме? Аудармашының қажеті қанша мына жерде? Екі елдің арасындағы экономикалық байланыс 3,5 млрд доллар шамасында. Аз, тым аз. Қытаймен 19 млрд доллар келісім жасайды. Анадолыда жүрген 78 млн 600 мың қазақ екен, Атажұртта жүрген нағыз қазақтарды неге жарылқамайды? "Қазақпыз" деген әдемі сөз өткен ғасырда қалған. Өтпейді "уже". "Өтпейді" деп айтам, бірақ қазекем Давутоғлының сөзіне кәдімгідей "сынып", біраз шулатты ғой. 

Бауыржан Кариповтың Фейсбуктегі парақшаынан алынды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар