Ермұхаммед МӘУЛЕН. Сіз де, біз де Қазақияның иесіміз!

/uploads/thumbnail/20170708150709412_small.jpg

Ел болған соң әртүрлі пікірдегі адамдар болады. Атажұртқа  оралған қандастар туралы да көзқарас сан алуан. Кейде жүрекке қанжардай қадалатын ауыр сөздер ел алдында жүрген үлкен лауазым иелері тарапынан айтылды. Дегенмен,  ол  ешқашан жалпы қазақ елінің қандастарға деген көзқарасын білдірмейді. Ағат кеткен сол сөздер елдегі БАҚ арқылы үлкен сынға ұшырады. Қазақта «битке өкпелеп тоныңды итке тастама» деген аталы сөз бар. Ендеше, жат жүртқа ұрпақты жәутеңдетіп қалдырудың жөні жоқ, ит үреді, керуен көшеді. Бастысы, алыстағы ағайын ұрпақ мәселесіне бейжай қарамай, ата-бабамыз күл төккен киелі мекенді бетке алған жөн деп білемін.

Осы уақытқа дейін елге оралған қандастар Қазақстан мемлекетінің бөлінбес бір бөлшегіне айналды. Ғылым, білім, өнер, спорт, экономика т.б салада айрықша еңбек етіп, мәңгілік мемлекет құру жолында еңбек етіп келеді.

Шәкәрім атамыз:

Есің бар да елің тап,

Барған да кірер жолын тап,

Жаратқанның құлысың,

Жағатұғын жолын тап, - деген екен!

Сіз де, біз де Қазақияның иесіміз, ол үшін ең алдымен туған елге ат басын бұрыңыз!

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар