Қатардағы қазақ отбасында бәрі болмаса да, көпшілік ананың баласына: "Ел Азаматы бол, намысыңды таптатпа, Ата-Баба аруағын қастерле" деудің орнына мынау емес пе: "Қайтесің сол әділдікті, қайдағы демократия, тыныш жүр, бастықтың айтқанын істе. Қарасайшы, тіпті Алтынбек, Заманбек, Мұхтар секілді арыстар елім, жерім деп жүріп оққа ұшқанын, түрмеге тағатылғанын. Жалғыз сен не бітіресің? Жайыңа отыр." Алайда, бұл аналарымыздың кiнәсi ма? Жок, саяси ортаның кінәсі. Енді, күні кеше Ресейдің басқыншыл саясатына қарсы шыққан белсенділерді қолдау орнына, билік оларды қайта соттады, айыптады. Ол аз болғандай, полиция шырмауына ендi сәбилер iлiктi... Қоғамымызды осынау арамзалық, пұлқұмарлық, көзбояушылық пен жағымпаздық дертi басқанда, бөгденің сойылына тізе бүккенде жастарға қандай тәрбие бермекпіз? Алла сақтасын! Ел басына күн туса, Отанын қорғайтын сарбаздар қайдан табылмақ? Осыны кiм ойлайды?
Пікір қалдыру