Жұлдыздардың WhatsApp-тағы «әңгімесі» күлкіге себеп болды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708223811490_small.jpg

Қазақ жұлдыздарының WhatsApp-тағы "әңгімесі" жұртқа күлкі сыйлады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

"Қызық Times" телебағдарламасының жігіттері WhatsApp желісінде қазақстандық жұлдыздар не туралы әңгімелесуі мүмкін екенін көрсету мақсатында әзілге құрылған видео жасады.

"8 наурыз қарсаңында жігіттердің барлығының көкейінде қыздарға не сыйлаймыз деген сұрақ жүреді. Бұл сұрақ эстрадада жүрген азаматтарымызды да мазалайтыны сөзсіз. Ендеше қыздарға не сыйлаймыз? Жұлдыздармен ақылдасып көрейік. Сонымен, WhatsApp желісі, жұлдызды чат", - дейді бағдарлама жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек. 

Видеода әнші Бүркіт қыздарды Дубайға, болмаса Малайзияға апаруды ұсынса, Қайрат Нұртас ресейлік жұлдыздармен концерт беруді алға тартады, ал Төреғали Төреәлі өзінің хитке айналған әнін айтып отырады.  

Видео авторларының айтуынша, роликте аты аталған жұлдыздар желідегі "әңгімені" ренжімей қабылдап, түсіністік танытқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар