Арман Шураев сайлау өткізуден бас тартуға шақырды

/uploads/thumbnail/20170708224059570_small.JPG

КТК телеарнасының бұрынғы басшысы, қоғам қайраткері Арман Шураев мәслихат сайлауына өздерін ұсынған үміткерлердің сайлау додасынан алынып тасталуына қатысты пікір білдіріп, ел басшылығын сайлауды мүлдем өткізбей қоюға шақырды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Журналист бұл туралы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады.  

«Мен сайлауды мүлдем өткізбей-ақ қоюға шақырамын. «Нұр Отан» партиясының үміткерлерін түгел депутат етіп бекіте салайық. Сонымен іс бітті. Қаншама миллиардты үнемдеп қаламыз. Кейбір қызу сайлау комиссиялары сайлауды кезекті фарсқа айналдырып жатқаны қынжылтады. «Нұр Отанның» жеңетіні бәріне түсінікті. Егер сайлау додасына өзгеше пікір айтқан болса, бұл мемлекетке қатер төндіре ме?», - дейді А. Шураев.

Бұған дейін бірқатар белсенділер сайлауға өз кандидатураларын ұсынған бірнеше үміткердің саяси додадан сайлау комиссияларының шешімімен алынып тасталғанына наразылық білдірген болатын.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар