Қазақстан Парламент Мәжілісінің Инстаграмдағы парақшасына шабуыл жасалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.
mazhilis_kz аталатын аккаунтта бұрын Мәжілістің пленарлық отырыстарынан түсірілген суреттер жүктеліп келген. Ондағы соңғы жүктелген сурет Мәжіліс депутаттарының өздерін таратуды сұраған үндеуі жарияланған отырыста түсірілген.
Алайда, жазылушыларының саны 6 мыңнан асып түсетін осы аккаунттың қазір аты және сипаттамалары өзгергені белгілі болып отыр.
Мәжілістің баспасөз қызметіндегілер палатаның әлеуметтік желілердегі парақшаларын жүргізу әзірге тоқтатылғанын, инстаграмдағы аккаунттың бұзылғаны туралы бүгін таңертең ғана білгендерін айтқан.
Пікір қалдыру