Қытайдан келетін қазақтар соттылық туралы анықтаманы өзі тұратын елді мекеннің полиция бөлімшесінен ала алады

/uploads/thumbnail/20170708224113414_small.jpg

Қытайдан келетін қазақтар соттылық туралы анықтаманы өзі тұрған елді мекеннің полиция бөлімшелерінен ала алады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уатқан жария етті.

Қытайдан келетін қазақтарға бұған дейін азаматтық алу үшін соттылығы туралы анықтама ұсынуға міндеттелген болатын. Ол анықтаманы алудың тетіктері мен тәртібінен бейхабар былайғы жұрт біршама қиындықтарға тап болды. Сонымен қатар, оралмандарды зейнетақымен қамту мәселесіне қатысты да басы ашылмаған жағдаяттар жеткілікті болатын. Осы мәселеге орай Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ел Үкіметіне, Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктеріне, басқа да өкілетті мемлекеттік органдарға хат жолдаған екен. Аталған хатқа алғаш болып ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жауап қатыпты.

Министрліктің жауап хатында:

«...мүдделі орталық мемлекеттік органдармен бірлесе қарап, келесіні хабарлайды. 
«ҚР ІІМ-нің ҚР-ында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін ҚХР азаматтарының соттылығы/соттылығының жоқтығы туралы анықтамаға қатысты сұрауына ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің берген жауабына сәйкес аталған анықтаманы жеке тұлғаның талабы бойынша оның тұрғылықты жеріндегі полицияның учаскелік бөлімшелері береді. Және оның бекітілген біркелкі үлгісі жоқ.
Елшілік ұсынылған анықтама күмәндік тудыратын болса оның түпнұсқасын растап беруге дайын екендігін хабарлаған.

ҚХР-ның заңнамасына сәйкес /ресми аударманы СІМ берген/ қытайлық азаматтарға паспорт рәсімдеу, олар сот шешіміне сәйкес жазасын өтеп жатқан жағдайда ғана рұқсат берілмейді («Паспорт беру тәртібі туралы» 2006 ж. 29 сәуірдегі ҚХР Заңының 13 б). Қытай азаматтарына «егер тұлғаның жазасы өтелмеген болса, елден шығуға тиым салынуы мүмкін» («Кіру және шығу мәселелерін басқару туралы» 2012ж .30 маусымындағы ҚХР Заңының 12 б).

Осылайша, Қытай заңнамасы сотталмаған немесе бұрын сотты болған азаматтардың шет елге шығуын шектемейді. Бұл заңнама жергілікті ұлт өкілі болып саналмайтын азаматқа да ортақ.

Қытайда соттылығы туралы анықтаманы жергілікті полиция органы береді.
Қорытындылай келе, тұрақты тұруға рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізімінен тұлғаның соттылығы туралы анықтаманы алып тастау қылмыстық элементтерді бақылау мүмкіндігіне қауіп туғызады деп есептейміз.
ҚР-ның аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оралмандарды зейнетақымен қамсыздандыру ҚР-ның заңнамасына сәйкес ҚР-ның азаматтарымен бірдей шарттарда жүзеге асырылады
Егер, оралман, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ТМД-на қатысушы мемлекеттердің бірінің азаматы болып табылған жағдайда, онда оларға 1992 жылғы 13 наурыздағы ТМД –на қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақысымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарына кепілдік беру туралы Келісімнің нормалары қолданылады.

Осы Келісім Келісімге қатысушы мемлекеттердің шеңберінде орын ауыстырған жағдайда зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін реттейді, себебі ол мемлекеттерде зейнетақымен қамсыздандыру аумақтық принцип бойынша жүзеге асырылады. Осы Келісім қазіргі кезде де қолданылады.
Одан басқа, қазіргі таңда ЕАЭОтың мүше мемлекеттерінің уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО мүше мемлекеттерінің арасындағы зейнетақымен қамыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді дайындау жұмыстарын жүргізуде», – делінген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар