Біз бидай мен ұнды экспорттаудан әлемдік көшбасшылардың қатарындамыз деп мақтанамыз. Бірақ, еліміздегі ірі агрокомпаниялардың қарызы 5-6 млрд долларға жетті. Көбісі қазір банкрот алдында тұрғандықтан, көктемгі егістік науқанын бастай алмай отыр. Агросектордағы қаржылық ахуалды реттеу үшін 300 млрд теңге ақша бөлінгенімен, проблема түпкілікті шешілмейді. Өйткені, бұл қаржылар банктер арқылы шаруаларға 7 пайызбен беріледі. 7 пайыз өте көп! Дихандар ұзақ мерзімге әрі арзан несиемен қамтамасыз етілмейінше, өлермен хәлде жүре береді. Осыдан 5-6 жыл бұрын Еуропалық Одақ бюджетінің 50 пайызын аграрлық субсидияларға бөлетін. Жер оларды несібесіз қалдырмайтынына дәнігіп алған. Ал біздің жер құнарлы ғой, түгін тарсаң майы шығады. Бір ғана агросекторды дамыту арқылы шалқып отыратын қазақ едік... Әттең....