Жыл басынан бері алматылық 100 жезөкше 954 мың теңге айыппұл төлеген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2016 жылы Алматы қаласы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасына, жезөкшелікпен айналысатын орталықтар ұстауға қатысты 10 қылмысты анықтады. Жезөкшелерге пайдалануға берілген 6 пәтер әшкере болды. Олардың ісі сотқа жіберілді. Жезөкшелерге пана болған «Кинг» қонақ үйіне қатысты Әуезов аудандық соты 297 мың теңге айыппұл салу, қонақ үйдің кірісін тәркілеу және қызметін 3 жыл мерзімге тоқтату туралы қаулы шығарды», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Пікір қалдыру