Ыстамбұлдағы жарылыстан 5 адам қаза тапқан (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708230653217_small.jpg

Түркияның Ыстамбұл қаласында бүгін болған жарылыстан 5 адам қаза тауып, тағы 36 адам түрлі жарақат алған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы РИА Новости – ге сілтеме жасап.

Ыстамбұлдың Истикляль алаңында сауда орындарының маңында жанкешті жарылғыш затты іске қосқан. Жарылыстан жанкештінің өзімен қоса бес адам көз жұмып, 36 адам түрлі жарақат алған.

Зардап шеккендер ішінде Германия, Иран мен Израиль азаматтары бар.

«Лаңкестік әрекет салдарынан бес адам қаза болды. Ауруханаларға жарақат алған 36 адам жатқызылды. Олардың жетеуінің жағдайы ауыр. Жарақаттанғандар ішінде 12 шетел азаматы бар», - деп хабарлаған Түркияның Денсаулық сақтау министрі Мехмет Мүйізеноғлұ.

Жарылыс болған ауданда РФ мен тағы бірнеше елдің елшілік ғимараттары орналасқанын айта кету керек.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар