Тарихын тереңнен тартқан, түркі баласының ортақ мейрамы – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қазақ жеріне де келіп жетті.
ЮНЕСКО шешімімен «Халықаралық мереке» мәртбесін алған Наурыз елімізде 21-23 наурыз аралығында үш күн бойы атап өтіледі.
Көктем мен жаңару мерекесінен қазақ халқы көп жаңалық күтеді, үлкен үміттер артады. Өткенге салауат айтып, келер күннің жарқын болуын тілейді.
Тәуелсіздік туын тік ұстап келе жатқан Егемен еліміз биыл еркіндіктің 25 жылдығын артқа қалдырып отыр.
Ғаламдық үдерістер Қазақ еліне әр күн сайын тосын сын-қатерлермен қатар жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Мың құбылған дүние дүбірінде еліміздің бағыты айқын, бағдары анық болсын! Жаратқан Еліміздің ертеңін жарқын, егемендігін баянды етсін!
Пікір қалдыру