7,14 пайыз дауыспен Парламенттік мандатқа ие болған Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы өз депутаттарының есімдерін жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Сайлауда жинаған дауыстарына сай коммунистерге Мәжілістен жеті орын берілген болатын.
Сонымен, ҚХКП атынан Мәжіліске сайланған депутаттар:
Жамбыл Ахметбеков - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
Галина Баймаханова - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
Айқын Коңыров - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
Мегарам Мегарамов;
Ирина Смирнова;
Тұрғын Сыздықов;
Владислав Косарев - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты.
20 наурыз күні өткен кезектен тыс Мәжіліс сайлауында сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы 82,2 пайыз, «Ақ жол» партиясы 7,18 пайыз дауыс жинаған болатын.
Бұған дейін «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттардың толық тізімін жариялаған едік.
Пікір қалдыру