Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттары Кәрім Мәсімов басқаратын министрлер кабинетіне сенім білдірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Сенім білдіру мәселесіне 96 депутат қолдап, 4 депутат қарсы дауыс берген. 7 депутат қалыс қалған.
Сондай-ақ, алғашқы жұмыс күнінде Мәжіліс депутаттары Бақытқожа Ізмұхамбетовты палата төрағалығына, Владимир Божко мен Гүлмира Ісімбаеваны вице-спикерлер етіп сайлап алды.
Пікір қалдыру