Мінберге бет алған депутат Назарбаев отырған төралқаға шығып кете жаздады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708231258800_small.jpg

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында ант берген жаңа депутаттардың бірі мінберге шығамын деп Елбасы отырған төралқаға шығып кете жаздады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

ҮІ шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарының ант беру рәсімі кезінде мінберге бет алған жаңа сайланған депутат Сәкен Қаныбеков палата төрағаларына белгіленген орыннан асып өтіп, Президент отырған төралқаға шығып кете жаздады.

Жаңылысқан әріптестерінің бұл қылығына депутаттар мәз болып, қол шапалақтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар