«Қамшы» порталының мобильдік қосымшасы іске қосылды. Әзірге қосымшаны Android жүйесіндегі смартфондарға орнатуға болады. Жақын күндері қосымша App Store жүйесіне де арналып жасалатын болады.
Android жүйесінде жұмыс істейтін смартфон иелері сайтқа кіріп, басты беттің жоғары тұсында көрсетілген сілтемеге өту арқылы қосымшаны телефондарына жүктей алады.
