Қаңтар айының басында жоғалып кеткен қарағандылық Айбек Мұстақаевтың мүрдесі табылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Марқұмның денесі 24 наурыз күні Қарағанды облысы Абай қаласындағы су тазалау ғимараттарының жанынан табылған. Туыстары сараптама Айбектің бас сүйегінің жарылуы және миға қан құйылудан қайтыс болғанын растағанын айтады.
«Айбектің мүрдесі қала сыртынан табылды. Мәйітте күш қолдану белгілері бар. Мүрде далада бір күн емес, бірнеше күн жатып қалған сияқты. Оны кездейсоқ тауып отырмыз. Егер дер уақытында тапқанда, бәлкім, қылмыскерді ұстау да қиын болмас еді. Біз қылмыскердің табылып, тиісті жазасын алғанын қалаймыз», - дейді марқұмның апасы Гүлзат Қаппасова.
Қарағанды қаласының тұрғыны Айбек Мұстақаев 3 қаңтар күні жоғалып кеткен болатын. Содан бері полиция оны іздеу жұмыстарын жүргізген.
Пікір қалдыру