Алматылық полицейлер қоғамдық көлік жолаушыларының қалталарына түсіп келген тағы бір жұпты қолға түсірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалта қаққыштарды құрықтау үшін арнайы құрылған ұтқыр топтың бірі Қалдыаяқов көшесіндегі аялдаманы «тұрақты жұмыс орны» еткен алаяқтарды студент қыздың қымбат телефонын қағып кеткен сәтте қолға түсірген.
«Пальтомның қалтасына соңғы модельді телефоным бар еді. Ұрланғанын полицейлерден ғана естідім. Олар ұрыларды дәл аялдамада ұстапты. Асығыс болып, сол кезде кетіп қалып едім. Полицейлерге алғыс айтамын», - дейді телефонын қайтарып алған студент қыз.
Осы оқиға бойынша Алматы қаласы Медеу адындық ІІБ тергеу жүргізуде.
Пікір қалдыру