Лотореядан 77 миллион ЕУРО ұтып алды

/uploads/thumbnail/20170708231348426_small.jpg

Германиядағы EuroJackpot лотереясының кезекті ойыны қатысушылардың бірінің жеңісімен аяқталды. Норт Рейн-Вестфалияның тұрғыны 77 миллион еуро ұтты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұтыс Германия үшін ең ірісі және бұл лотереяны өткізу тарихындағы сомасы бойынша екіншісі болды. Бірінші орында 2015 жылы Чехия тұрғыны ұтқан  90 миллион еуро ұтысы тұр.

EuroJackpot лотереясы - еуропалықтардың арасында кең тарағаны. 17 елдің тұрғындары осы ойыннан бағын сынайды. Басты ұтысты алу үшін ойыншы 50 нөмірдің бесеуін және 10-нан қосымша екеуін табу керек. 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар