Бүгін Алматы қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай, Қазақтың спорт және туризм академиясында Алматы ЖОО арасындағы 11-Спартакиада басталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Спорттық шара Алматы қаласының әкімдігі және Жоғарғы оқу орындарының ректорлар кеңесі, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілуде.
Спартакиядаға Владислав Васицкий бас төрешілік жасайды. Бас қаладағы 10—оннан астам ЖОО командалары қатысқалы отырған Спартакиаданың ашылу салтанатында «Парасат» Алматы кәсіптік одағының төрағасы Жанатаев Данат Жанатай ұлы, Спартакияданың бас төрешісі Васицкий Владислав Анатольевич және жоғары оқу орындарының кәсіптік одақтарының төрағалары сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Пікір қалдыру