Бауыржан Байбек: УНИВЕРСИАДА НЫСАНДАРЫ ХАЛЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС

/uploads/thumbnail/20170708231424755_small.jpg

Аламтыда 2017 жылы өтетін қысқы Универсиадаға арналып салынып жатқан нысандарды аралаған қала басшысы осылай деді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Спорттық, басқа да нысандар құрылысы жаз соңына дейін аяқталып, 31 тамызда пайдалануға берілуі тиіс.

Атап айтқанда, Бауыржан Қыдырғалиұлы 3 мың орындық Мұз аренасы, 12 мың орындық Мұз Сарайы мен 5 мың адамға арналған Атлетикалық ауылдағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Шаһар басшысы аталған нысандардың Универсиада кезінде пайдалануға дайындығымен қоса, спорттық шарадан кейін де халық игілігіне қолдануға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдарына назар аударды.

Мұз Аренасы – көп функциялы спорттық кешен. Онда 3 мың орындық Мұз аренасынан бөлек, 300 орындық шағын арена да бар. Арена мұз жабындыларын алып тастап, волейбол, баскетбол, мини-футбол алаңдарына айналдыру мүмкіндігі ескеріліп салынуда.

Қазір құрылыс жұмыстарына 1200 қазақстандық жұмысшы мен 80 отандық компания жұмылдырылған. Нысан 2017 жылы өтетін 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиада кезінде ерлер арасындағы шайбалы хоккей жарысын қабылдайды.

Бауыржан Байбек нысанды аралау кезінде Елбасы тапсырмасын тағы бір еске салып, аталған нысандардың халыққа қол жетімді болуы үшін мемлекет барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.

«Елбасы атап өткендей, Универсиада Қазақстан үшін зор экономикалық және әлеуметтік әсері бар маңызды имидждік жоба. Қысқы ойындар аяқталғаннан кейін нысандарды қалай пайдаланатымызды ойлау керекпіз. Сонымен бірге, бюджетке түсетін салмақ аз болуы керек және ол нысандар халыққа қол жетімді болуы тиіс. Универсиада қаланың дамуына оң қарқын беріп, оның сәулеттік келбетін жақсартуы, қонақ үйлердегі, қоғамдық көліктегі, мейрамханалардағы, спорттық орындардағы қызмет көрсету сапасын арттыруы тиіс. Осының барлығы шағын және орта бизнеске де қолдау болады, олар үшін жаңа қызмет көрсету саласы, жаңа жұмыс орындары ашылады», - дейді қала басшысы.

Әкім сондай-ақ, 12 мың орындық Мұз Сарайының да негізгі блогы құрылысымен жақын танысты.

Көпсалалы Мұз Сарайы кешені Қазақстанның алдыңғы қатарлы спорттық ғимараты болады. Нысан іске қосылған соң жыл сайын 600 мың көрерменге қызмет ететін болады. Сарай құрылысы универсиада өткеннн кейінгі уақытта да пайдалануға болатындай есеппен жүргізілуде. Сарайда болашақта кәсіби спортшылар тұрақты түрде жаттығу жасайтын болады. Универсиада кезінде мұнда шараның ашылу және жабылу салтанаты, мәнерлеп сырғанау және керлинг сайыстары өтеді.

Осы ретте Алматыда салынып жатқан Атлетикалық ауылдың Универсиада тарихында осы мақсатта тұрғызылған алғашқы нысан екенін айта кету керек. Атлетикалық ауыл 8-9 қабатты 8 тұрғын-үй ғимаратынан және 4-14 қабатты басқа да ғимараттардан, орталық әмбебап алаңнан, тұрмыстық қызмет көрсету ғимараттарынан, екі қабатты инфрақұрылымы жетілдірілген арнайы платформадан тұрады.

Жомарт Абдоллаұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар