Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро: Әсет Матаевтың бюджет қаржысын жымқыруға тікелей қатысы бар

/uploads/thumbnail/20170708231429333_small.jpg

Аса ірі көлемде қаржы жымқырған Ақпараттандыру және байланыс комитеті, «Қазақтелеком», «ҚазТАГ» ЖШС-ның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істерді тергеу жалғасуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24kz-ке сілтеме жасап.

2010-2015 жж. Ақпараттандыру және байланыс комитетінің басшылары Қалянбеков, Қазанғап пен Берсібаев «ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Матаев Әсетпен 5 шарт жасасқан.

Бұл тұлғалар мемлекеттік сатып алу туралы заңды өрескел бұзып, тек «ҚазТАГ» агенттігімен шартқа отыру жағдайын қасақана тудырып, өзге бәсекелестерді шеттеткен.

Сотқа дейінгі тергеу барысында «ҚазТАГ» агенттігінің Бас директоры Әсет Матаев бюджет қаржысын жымқыруға тікелей қатысқандығы анықталды.

Әсет Матаев жалған актілерге өзі қол қойып, ақшаны «Ұлттық баспасөз клубы» бөлімшесінің есеп-шотына аударып отырған.

Қазір сот Берсібаев, Арпабаев пен Әсет Матаевқа қатысты «үй қамақта ұстау» туралы бұлтартпау шарасын қолданды.

Ал Комитеттің қазіргі төрағасы Қазанғап пен экс-төраға Қалянбеков «ешқайда кетпеу туралы» тілхат жазып берді, деп хабарлайды Жемқорлыққа қарсы күрес жөнінен ұлттық бюро.

Қатысты Мақалалар