Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Қазақстанның халық әртисі Дәнеш Рақышевтың (1926-1992) туғанына 90 жыл толуына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырады, - деп хабарлайды qamshy.kz.
07.04.16
1. Дәнеш Рақышев шығармашылығына арналған шеберлік дәрістер (ҚҰӨА мұражай. сағат 10.00- 12.30 )
а) Мырзахмет Мұқаманов ҚР еңбек сіңірген әртісі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі, ұстаз.
ә) Абылайхан Қармысов ҚР мәдениет қайраткері, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі, Қ. Байсейітов атындағы Талдықорған музыкалық колледжінің оқытушысы.
б) Серікбол Шыныбаев педагогика ғылымының магистрі, «Музыка және педагогика» факультетінің деканы.
в) Нұржан Жанпейісов ҚР мәдениет қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті.
2. «Дәнеш- қазақ әнінің алтын көпірі» тақырыбында «Дөңгелек үстел»
(ҚҰӨА кинозал, сағат. 14.00- 16.30)
3. «Дәнеш салған әндер- ай» атты еске алу ән кеші
(ҚҰӨА оқу театр залы, сағат. 17.00- 18.30)
08.04.2016
Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
«Ән өнерінің ақберені» атты Дәнеш Рақышұлының 90 жылдығына арналған еске алу ән кеші. (ҚазМПУ актзалы сағат. 10.00)
Ықылас атындағы Республикалық ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы
«Ән еркесі Дәнеш- домбырасы музей сахнасында» Дәнеш Рақышевтың домбырасын ресми, салтанатты түрде мұражайға қабылдау рәсіміне арналған ән кеші. (мекен жайы Алматы қ. Зенков көш. 24а; басталуы сағат 16.00)
Ұйымдастырушылар:
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы