Батыс Қазақстанда әскери қызметші полиция қызметкерін қағып кеткен

/uploads/thumbnail/20170708231502365_small.jpg

Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауылында учаскелік полиция қызметкерін көлік қағып кеткен. Кейін ол жүргізуші тізгіндеген көліктің Қазталовка ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы майор Ю.В. Кауисовке тиесілі екені белгілі болған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Mgorod.kz-ке бұл туралы Қорғаныс министрлігінен хабарлаған. Облыстық ІІД баспасөз қызметі 26 наурыз күні Қазталовака ауылында 36 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргіншіні – Қазталовка аудандық ІІБ учаскелік инсекторын соғып кеткенін хабарлады.

Жол апаты салдарынан полиция қызметкері Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылған.

Аталған оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі (Жол ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу біріңғай тізіміне енгізіліп, қызметтік тексеріс жүргізілуде.

 

Қатысты Мақалалар