Ешқашан, ешкімнен де, жерімеп ем,
Бірақ та достаспадым періменен...
Жөніңе жүр,
Әй, Олжас!
Жайыңа кет!
Ат құйрығын шорт кестім сеніменен!
Қазақпен кеттің әбден араздасып,
Қазақтар жүр сөзіңнен бәрі алжасып!
У таратып болдың ғой бойымызға,
Жетті ғой!
Жәйіңе кет,
Қараң батып!
«Қазақпын» деп айтасың қалай ғана –
Тіліңді келтіріп ал кәлимаға.
«Алжас» деп бүкіл орыс тауып айтқан,
Жетпейді-ау, мағынасы су санаңа.
Мен «мұны» қорлағам жоқ, туыстарым,
Жәй емес менің бұдан суысқаным.
Жау биліктің сойылын ырғай соғып,
Арамызда,
Жантық жүр жуыспағын...
Алданбаңдар!
«Алжасқа» жуыспағын,
Ар-намыстың байрағын нық ұстағын.
Арамызда жүр жылан, шұбар жылан,
Абай болғын, алданба, туыстарым!

Қуаныш МҰҚТАЙ