Қытайдан 60 келі дәрі алып өтпек болған

/uploads/thumbnail/20170708231520162_small.jpg

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында орналасқан «Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығы» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды шекарадан заңсыз түрде дәрі-дәрмек өткізбек болған қазақстандық азаматшаны ұстады, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Аталған орталықтан келе жатқан 51 жастағы отандасымыздың көз қысты, бармақ басты жолмен өткізуге тырысқан дәрі-дәрмегінің салмағы 63 килограмға жетіп жығылды.

Бұған қатысты материалдар «Алтынкөл» кеден бекетіне берілді. 

Қатысты Мақалалар