«ЭКСПО-2017» экс-басшысының жүргізушісі тұтқындалды

/uploads/thumbnail/20170708231555069_small.jpg

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевтің жүргізушісі болған Саят Нәдірбаев тұтқындалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

С. Нәдірбевтің тұтқындаланы туралы оның қорғаушысы Айман Омарова хабарлады. Адвокаттың айтуынша, жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері С. Нәдірбаевтің ұсталғаны туралы оның кәмлеттік жасқа толмаған қызына телефон арқылы хабарлаған.

«Біз кеше Саят Нәдірбаевтің ұсталғаны туралы білдік. Ол кешкі алтылар шамасында ұсталған, бірақ оның ұсталғаны туралы сағат тоғыздар шамасында хабарлаған. Мен барып, қорғауымдағы азаматты көрмек болған едім. Мені оған жібермеді. Бұл жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан заңсыздық болып табылады», - дейді А. Омарова. Сондай-ақ, адвокат С. Нәдірбаевті тұтқындау туралы хаттаманың көшірмесін де ала алмай отырғанын айтқан.

Бұған дейін, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы басшысы Т. Ермегияевтің жүргізушісі Саят Нәдірбаевқа Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бюджет қаржысын жымқыруға және субмердігер компаниялардың бірінен бір миллиард теңге көлеміндегі сыйақыны Ермегияевтің өзіне беруге жәрдемдесті деген айып тағылған болатын.

Айман Омарова Фейсбук желісінде С. Нәдірбаевтің әйелі Аиданың сөзі жазылған видео жариялады.

Естеріңізге салсақ, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы басшысы Т. Ермегияев былтырғы жылы маусым айында үй қамаққа алынып, аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған болатын. Қазір аталған іс бойынша тергеу аяқталып, сот процесі жүруде.

Қатысты Мақалалар