ҚР Ішкі істер министрлігінде смартфон пайдалануға салынған тыйым сәуір айында күшіне енеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Шешім қабылданды. Ол премьер-министр кеңсесімен келісілді. Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытында жұмысқа планшеттер мен смартфондар алып өте алмайды. Бірқатар мемлекеттік органдарда бұл талап енгізілді. ІІМ-ге қатысты айтар болсақ, 1 сәуірден бастап біз қызметкерлеріміздің смартфондар мен планшеттер қолдануына тыйым салатын боламыз. Біз басшылық түгелдей ғаламторға кірмейтін қарапайым телефондарға көштік», - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха.