Сәуір айынан бастап арнайы курста оқымай-ақ жүргізуші куәлігін алуға болады

/uploads/thumbnail/20170708231523896_small.jpg

Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұғынбаев алдағы уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сынақ тапсырып, жүргізуші куәлігін алуға болатынын. Ол үшін арнайы курстан өтудің қажет еместігін мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, жүргізушілерді өз бетімен дайындау жүйесі енгізілуде көрінеді. Мотокөлік және жеңіл автомобиль жүргізу құқығын беретін куәлікті арнайы ХҚО арқылы сынақ тапсырып, алуға болады.

«Жол ережесін үйде өз бетіңізбен үйреніп, егер тәжірибелік машықтарыңыз бұрыннан бар болса, теориялық емтихан тапсыра аласыз. Арнайы ХҚО-ға барып, тәжірибелік сынақтан өтесіз. Онда осыған арналған көліктер бар. Егер сынақтарды мүлтіксіз тапсырсаңыз, арнайы курста оқымай-ақ куәлік ала аласыз. Бұл жүйе сәуір айында іске қосылады», - дейді ол.

Қатысты Мақалалар